 
                                
            | Пән:Математика Күні: 22.11.17ж Сынып: 2 Сабақ 48 | Мектеп: «Еркіншілік орта мектебі» КММ Мұғалім: Арилина А.Б. Қатысқандар саны:18 Қатыспағандар саны: 0 | ||
| Сабақ тақырыбы | Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі. 15+28, 43-15 | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.5.1.1** - 1 -2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу 2.1.2.7 15+28; 43-15 тәрізді жағдайларда ондықтарға ауыстырумен сандарды ауызша қосу мен азайтуды орындау 
 | ||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: 15+28; 43-15 түріндегі өрнектерді ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындауды үйренеді. • Көптеген оқушылар барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер түрінде модельдеу және шығаруды үйренеді. | ||
| Бағалау критерийлері | екі таңбалы және бір таңбалы сандарды баған түрінде ондықтан аттап қосуды меңгереді. | ||
| Тілдік мақсаттар 
 | Екі таңбалы және бір таңбалы сандарды баған түрінде ондықтан аттап қосу алгоритмі: бірлікті бірлікке қосамын, екі таңбалы сан шығады, бірлікті бірліктің астына, ал шыққан 1 ондықты ондықтың үстіне жазамын. Ондықтарды қосқан кезде, бірліктерді қосқанда шыққан 1 ондықты да қосып, ондықтың астына жазамын. Жауабын оқимын. | ||
| Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. | ||
| Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүниетану пәндерімен байланыс орындайды. | ||
| АКТ қолдану дағдылары | АКТ – мен байланыс,қосу кестесінің үлгісімен танысады 
 | ||
| Бастапқы білім 
 | Оқушылар күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 
 | Ресурстар | |
| Сабақтың басы 
 | Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ) Психологиялық ахуал ! (1слайд) Күлім қағып қолымды 1,2,3 деп соғайық Қарап тұран көршіме Қолымды мен бұлғайын Жылы-жылы жүзбенен Маңдайынан сипайын Жылы-жылы сөзбенен Жүрегімді сыйлайын Ыстық алақаныммен Қолыңды бір қысайын Амандасып өзіңмен Құшақтап бір алайын. Топқа бөлу. Қағаз қиындылары арқылы. - Балалар бүгін бізде ерекші сабақ, өйткені бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Қазақтың мақалындай Келгенше қонақ ұялар, Келген соң үй иесі ұялар. (Ұ) Үй тапсырмасын тексеру.23 бет №6. Кесінділерді өлше. Берілгеннен 3 см қысқа кесінділер сыз. MN=6 cm-3cm=3 cm OP=4cm-3cm=1cm Дәптермен жұмыс. - Ал енді балалар дәптерді ашып бүгінгі күнді жазыңдардар. Көркем жазу. 15 28 Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. (Ұ) №1. Суретте бейнеленген спорт ойындарының түрлерін ата. Есептеуді ауызша түсіндір. Дұрыстығын тексер. (2 слайд) ОМ таныстыру. (Ұ) №2. Тапсырмаға берілген жазу мен суретке қара. Бүгінгі сабақтың мақсатын қой. Есептеуді түсіндір. - Мен екі таңбалы сандарды қос және азайту алгоритмін қолдануды үйренемін. 15+28=43 43-15=28 | 
 Шаттық шеңбері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 І-топ ІІ-топ ІІІ-топ 
 
 
 
 
 
 
 
 Оқулық дәптер 
 Әр дұрыс жауапқа смайликтер беру | |
| 
 | (Ұ) №3. Баған түрінде жазып есепте. 36+28=64 95-18=77 34+58=92 37+18=55 54+28=82 100-37=63 92-56=36 72-26=46 78+17=95 (Т) №4. Есептерді шығар. І-топ. А 
 Веложарысқа 100 адам қатысты. Олардың 35-і ер адам, 25-і әйел, ал қалғаны – балалар. Веложарысқа неше бала қатысты? Ш: 100-(35+25) =40 Ж: 40 бала қатысты. ІІ-топ. Ә 
 Саябаққа барлығы 96 ағаш отырғызылды. Олардың 32-сі қайың, 40-ы үйеңкі, ал қалғаны – терек. Саябаққа неше терек отырғызылды? Ш: 96-(32+40) =14 Ж: 14 терек отырғызылды. ІІІ-топ. Б 
 Саябаққа отырғызу үшін 36 шырша және 24 қарағай әкелінді. 12 ағаш отырғызылды. Отырғызылмаған неше ағаш қалды? Ш: 36+24-12=48 Ж: 48 ағаш отырғызылмады. | 
 Тақтада орындалады. 
 
 
 Оқушылар тапсырманы А4 қағазына орындайды. | |
| Сергіту сәті | Сергіту сәті. Мен қазақпын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 | Оқушылар би билеп сергіп қалады. | |
| Сабақтың соңы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Кері байланыс 
 
 
 
 
 
 
 
 | (Ж) (ӨЖ) №5. Есептемей салыстыр. (слайд) 42+58>42+18 51-31<51-21 60-14>60-24 46+34<64+34 (Т) №6. А) Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. Топтарға бөліп беру. І-топ ІІ-топ ІІІ-топ 40см=4дм 4дм2см=42см 200кг=2ц 86см=8дм6см 100см=1м 4м=400см Ә) Есепте. І-топ ІІ-топ 3дм5см+2дм7см=6дм2см 5дм3см+3дм=8дм3см 9дм4см-7дм5см=1дм9см 94см-75см=19см ІІІ-топ 2дм9см+27см=56см 
 53см+39см=92см Қосымшатапсырма. (слайд) Жұмбақ шеше білесің бе? 1.5 алманың біреуін,   Досың сұрап алады.    Айтшы сонда нешеуі,   Өз қолыңда қалады.(4)   2.Алма ағашта 5 алма,   Қандай тәтті жесе алма.   Бесеуін де жеп қойсам,   Қалады онда неше алма?(0)   3.Табақта 4 өрік,   Қолымда екі өрік,   Қосқанда барлығын Болады неше өрік?(6) 4.Көлден ұшты 7 қаз,   Қайтып қонды 2 қаз   Қонбады оның нешеуі?   Қане,кім тез шешеді?(5)   5.Алдында 3 балапан   Артында 3 балапан Ақ тауық пен балапан, Айтшы санын балақан.(8) Сандарды баған бойынша жазу кезінде қандай алгоритмді міндетті түрде сақтау керек? • Баған түрінде қосу кезінде алғашында бірлікті қоса ма, әлде ондықты қоса ма? • Бірліктерді қосқанда қандай сан пайда болады? • Екі таңбалы санды бірліктің астына қалай жазамыз? Нені міндетті түрде орындау қажет? Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. - Балалар бүгін сендер не білдіндер? - Не үйрендіндер? - Сабақ ұнадыма? Ұнаса смаиликтерінді көтеріндер. - Қиыншылық болды ма? Болса қызыл дөңгелектерді көтеріндер, ал қиыншылық болмаса жасыл дөңгелектерінді көтеріндер. Оқушылар сабақта алған әсерлерін таңдайды. | 
 
 
 
 
 Оқулық дәптер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Қызыл, жасыл дөңгелектер Көңілді смайликтер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 | |
| Үйге тапсырма | 27 бет №3 қалған үш бағанын орындау. | ||
| Рефлексия | 
 | ||