"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы

 

"Адал Ұрап" ерікті мектеп клубының тізімі 2023-2024 оқу жылы

"Адал Ұрап" ерікті мектеп клубының жылдық жоспары 2023-20234 оқу жылы

"Біздің таңдауымыз –заңды мемлекет"  атты дөңгелек үстел

"Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының жетекшісін ауыстыру туралы бұйрығы

 

"Адал ұрпақ" ерікті оқушылар ұйымы мүшелерінің қатысуымен 7 сынып оқушылары арасында "Біз жемқорлыққа қарсымыз! " атты сынып сағаты, 4 сыныптар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет салу жұмыстары  өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

14 ақпан-дүниежүзілік кітап сыйлау күніне орай 3”В” сынып оқушылары бір-біріне,кітапханаға кітаптар сыйлады.
Сынып жетекшісі Жунусова Ж.С.

"Адал ұрпақ" ерікті оқушылар ұйымы мүшелерінің қатысуымен 5-6 сынып оқушылары арасында "Біздің құқықтық мемлекет таңдауымыз" атты дөңгелек үстел, 8 сыныптар арасында«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» диктант жұмыстары  өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

 

 

 

«Адал ұрпақ» клубының мақсаты және міндеттері 

         Осы бағдарламаның мақсаты мектепте аса өнегелі, адал, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты қалыптастыру

 Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:

1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;

2) оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;

3) оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;

4) оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.

4. Кешенді іс-шаралар өткізу үшін келесі тәрбиелеу түрлері қолданылады:

1) адамгершілік тәрбиелеу моральдық-этикалық қағидаларын қалыптастыруға, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған;

2) әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы  түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге, сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсінуге бағытталған;

3) эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын  тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін түсінуін дамытуға бағытталған.

                           «Адал ұрпақ»клубының анты.

Біз «Адал ұрпақ»ерікті мектеи клубы ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным Қазақстан Республикасының патриоты болуға, Мемлекетіміздің дамып, көркеюіне, тежеу болатын сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге,

Отанға Адал қызмет етуге,

Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыруға,

Туған елім,жерім,Отанымды мақтан етуге,

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге,

Салауатты өмір салтын ұстануға,

Табиғатты аялауға,

Білімге табандылықпен ұмтылуға.

Қазақстан Республикасының Экономикасын дамытуға өз үлесімді қоса отырып

Салтанатты түрде ант етемін!

Ант етемін! Ант етемін! Ант етемін!

 

 

Жаңартылған күні: 25.08.2021 16:53
Құрылған күні: 13.09.2023 17:46

Текст