"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылғы есеп

 

«Ақмола облысы білім  басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі

Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

 «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Еркіншілік ауылы Сарыжайлау көшесі 24 үй, тел: 8-(71633)-33-2-24.

       2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.

Білім бөлімі 2023 жылы реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 6 түрінен қызмет көрсетті. Жалпы  246 қызмет көрсетіліп, оның 0 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 48 - электронды үкімет порталы арқылы, 192 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде - 6 жеке тұлға, бас тарту саны-0.

       Мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) арқылы 6 қызмет түрінен 192 қызмет көрсетілген. 6 қызмет көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетіледі, олар бойынша қызмет көрсетілді.

6 қызмет Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары негізінде көрсетіледі.

       1) Ең көп сұранысты қажет ететін - «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша – 91 қызмет көрсетілді,

   2) «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша - 14 қызмет көрсетілді, 

3) Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-3 қызмет көрсетілді

4) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау-3 қызмет көрсетілді

5) Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну- 78 қызмет көрсетілді

6) Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау -57  қызмет көрсетілді

            2. Қызмет алушылармен жұмыс.

       1) Мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттарын  «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нен ақпараттарға арналған қабырға стендтерінен және білім беру ұйымдарының сайттарынан, ХҚКО-нан және Ерейментау ауданы әкімінің веб-сайтынан алуға болады.

2) «Ақмола облысы білім  басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі мемлекеттік қызмет көрсету стандартының  жобалары көпшілік алдында талқыға түспеді.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашық айқын болуы үшін, халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2023 жылы Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы жарияланымдар, білім беру ұйымдарының "Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде мақалалар мен тікелей эфирлер жарияланды.

         3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай - ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 6 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау

 1. Атқарылған мемлекттік қызметтің саны және сапасын ішкі бақылау барысында төмендегідей нәтиже көрсетті:

Жалпы 246 қызмет көрсетіліп, оның 0 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 48 - электронды үкімет порталы арқылы, 192 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрдеь - 6 жеке тұлға.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей уәкілетті органнан алған тұлғалар саны - 192, "Халыққа қызмет көрсету орталығы "Департаментінің Ерейментау аудандық бөлімі-Ақмола облысы бойынша" Азаматтарға арналған үкімет " МК КЕАҚ филиалы - 0, электрондық үкімет порталы арқылы – 48, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде - 6 жеке тұлға.

Мемлекеттік қызметті атқаруда мерзімі жағынан шағым тіркелмеді.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2024 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 29.02.2024 20:25
Құрылған күні: 29.02.2024 20:34

Текст