"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алғыр" дебат клубы

 

"Алғыр" дебат клубының  мүшелері 2023-2024 оқу жылы

"Алғыр" дебат клубының жылдық жоспары 2023-2024 оқу жылы

26 қазан 2023 жылы "Еркіншілік ауылының ЖОББМ" КММ Мурат Балжан, Жардембек Сара "Жас алаш" дебат тобы Аудандық дебат турниріне қатысып, 2-ші орынды иеленді. Дебат клубының жетекшісі: Жампеисова А. М.

2 қараша 2023ж "Еркіншілік ауылының ЖОББМ" КММ 8 сынып оқушылары "Айқанат" олимпиадасының бірінші кезеңінен өтіп, екінші аудандық кезеңіне қатысты

 «Алғыр» дебат клубының мақсаты:

-сана сезімі жоғары, заман талабына сай, үздік нәтижелерге қол жеткізе алатын, шешендік өнерге икемдігі зор, сөйлеу мәнері мәдениетті, мағыналы, қоғамдық өмірге белсене араласатын спикерлер дайындау;

- мектепішілік пікірсайыс турнирлерін ұйымдастыру, үздіктерді анықтап, ынталандыру. Мектеп намысын қорғайтын үздік оқушыларды анықтау. Мектеп оқушыларын мектепаралық, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру, тәжірибе алмасу арқылы үздік нәтижелерге қол жеткізу.

«Алғыр» дебат клубының міндеттері:

· Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру.

· Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау;

· Талантты жастарды ынталандыру;

· Мектеп оқушылары арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру;

· Мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлауын дамыту;

· Өз Отаны Қазақстан, оның басты құндылықтарын құрмет тұтып, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру

· Оқушылардың жауапкершілігінің және танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салу

· Оқушыларды коммуникативтілікке, сөйлеу мәдениетіне, сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге баулу

· Оқушының өзін – өзі тәрбиелеуіне, өзін және өзгені бағалай білуге үйрету

· Сұлулықты түсіне білуге, өз Отанына, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту.

· Білікті, оқу – тәрбие беру.

· Мектептің үздік оқушыларын анықтап, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру.

  

  

Мұғалімдер мен оқушылар арасында аудандық дебат турнирінде БЭМС командасы Гайнутдинова Ильмира Масхутовна орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және Нагаев Виталий 10 сынып оқушысы 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз! 

"Еркіншілік ауылының ЖОББ мектебі" КММ де Балалар өкілдіктері клубының және Дебат клубының бірлесе өткізген жұмыс жоспары бойынша "Кемел келешек кілті- білімді жастар қолында" атты іс-шара өткізілді.

 

 

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:52
Құрылған күні: 15.11.2023 17:10

Текст