

«Абай» клубы
Абай клубының 2024-2025 оқу жылында атқарылған іс-шаралары туралы есебі
«Абай» клубының мақсаты:
Қазақтың бас ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығын рухани құндылықтар арқылы жас ұрпақ бойына сіңіру.
Абай шығармалары арқылы оқушы дүниетанымдық ой-өрісін кеңейту.Абай мұрасын оқыту арқылы шығармашылықпен айналысатын, рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ойлармен үндестігін түсіндіру; олардың шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамдарын,мәдениетін дамыту.
4 сынып оқушылары арасында "Абай әлеміне саяхат" атты әдеби-танымдық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын жас буынға таныту, оның өнегелі сөздері арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, тіл байлығы мен көркем оқу дағдыларын дамыту.
Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды:
- Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақ-жауап;
- Өлеңдерін жатқа айту немесе мәнерлеп оқу;
- Қара сөздерден үзінді талдау;
- Абайға арнау, шығармашылық жұмыстар (эссе, сурет, өлең).
Әділ қазылардың шешімі бойынша 4"Ә" сынып оқушылары 1 орынға, 4"Б" сынып оқушылары 2 орынға, 4"А" сынып оқушылары 3 орынға иеленді. Бұл іс-шара оқушылардың әдеби танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.


Аудандық Абай клубтары бастауыш сынып оқушыларының арасындағы “Абай оқулары” байқауының “Өлең сөздің патшасы” өлең жаттау номинациясы бойынша Бас жүлде - 3”А” сынып оқушысы Есенбекқызы Айзере,
Бас жүлде - 1”А” сынып оқушысы-Күнтуғанқызы Айару,
3”Ә” сынып оқушысы Нұрбекұлы Азамат 1 орын,
2”Ә” сынып оқушысы Отан Амина 3 орын,
4”Б” сынып оқушысы Сураухан Айтолқын сертификатпен марапатталды
“Абайдың қара сөздері” жатқа оқу номинациясы бойынша
Бас жүлде -4”Ә”сынып оқушысы Ілгербекқызы Гаухар,
3”Ә” сынып оқушысы Серикбай Айдын 1 орын,
1”Ә” сынып оқушысы Ілгербек Айша 1 орын,
3”Б” сынып оқушысы Нұрдолдай Бибінұр 2 орын, жетекшісі марапатталды.
Абай әлемі” эссе жазу номинациясы бойынша 4”Б” сынып оқушысы Бақытбекқызы Жібек сертификатпен марапатталды.












