"Даналық" мектебі

"Даналық мектебі" клубының жылдық жоспары 2024-2025 оқу жылы

"Данылық мектебі" клубын құру туралы

 

"Даналық" мектебі

Мақсаты: ата-аналарға өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруда көмек көрсету, оқушыларды тәрбиелеу дағдыларын дамыту:

  • Отбасының тәрбиелік әлеуетін арттыру;

  • ата-аналармен тұрақты байланыс орнату, мектеп пен отбасының өзара түсіністігі  және келісілген өзара іс-қимылы;

  • ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жиі кездесетін қателіктерден ескерту;

  • отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін жалпылау және тарату;

  • ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру;

  • оқушылардың ата-аналарының құқықтық мәдениетін арттыру

"Ата-аналар академиясының" жұмыс бағыттары:

  • ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру;

  •  кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу;

  • салауатты өмір салтын насихаттау;

  • ата-аналардың құқықтық білімі;

  • ата-аналар мен жұртшылықты оқу-тәрбие процесіне тарту.

"Әжелер  сөзі-ақылдың көзі" тақырыбында көрме ұйымдастырылды

"Даналық мектебі" клубының  жоспары негізінде Әжелер мектебі мен жеңгелер мектебі бірлесе отырып "Қыздар білуге тиіс..." тақырыбында өткізілді

"Күншуақ"  отбасы клубы
Ата-аналарға кеңес: "Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі" тақырыбында іс-шара өтті
Мақсаты:  Отбасында әке және бала тәрбиесінде әкелер мен ер-азаматтардың мәртебесін көтеру,  қоғамда әкенің орынын биіктету

"Күншуақ"  отбасы клубы
"Тәуелсіздік тұғырым!" атты мерекелік іс шара  өткізілді
Мақсаты:  Ата-аналарды іс-шараға белсене қатысуын, балаларын Отанға деген құрметпен тәрбиелеу

"Күншуақ"  отбасы клубы
" Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі" атты ата-аналарға кеңес өткізілді.  
Мақсаты:  Ата-аналарға қиын баланың психикасы туралы кеңестер беріп,  жеке ата-аналардың қиындықтарын бірігіп шешу.

"Күншуақ" отбасы клубы "Отбасым-бақыт мекенім"  атты ата-аналар жиналысын  өткізді.  
Мақсаты:  Саналы тәрбие,  сапалы білім беруде салауатты ұрпақ қалыптастыруда мектеп,  ата-ана ,ұстаз бірлігін ұштастыру болып келеді

 

"Күншуақ" отбасы клубы

 "Алтын күз"  мерекесі.
"3-4 жасар баланың оқу тәрбиесінің негізгі міндеттері" 
/ата-аналарға кеңес/

Мақсаты:  Мерекелерді балалармен бірге  ата-аналар да ортақтасып өткізу.  Ойынның баланың өміріне пайдасы жайлы ата-аналарға түсінік беру.

 

 «Күншуақ» отбасы клубының мақсаттары:

  • Отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту;

  • Ата-ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бір-біріне жақсы қарым- қатынастарын орнату;

  • Қамқоршыларға  құрмет әрі қолдау көрсету;

  • Ересектер мен балаларды біріктіру үшін қолайлы жағдайлар жасау.

  • Балалар мен ересектердің бос уақытын тиімді пайдалану шеңберінде отбасылардың бірлескен қызметін ұйымдастыру.

  • Балаларды тәрбиелеу және өмірлік қиындықтарды жеңе білу саласындағы құзыреттілікті арттыру, ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру.