Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы

Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының іс-шаралар жоспары 2026-2027 оқу жылы
Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы
Өзін –өзі басқару ұйымының
Мақсаты:Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, Білім мен өнерге құштар, елінің тарихынмбілетін, тілін, дінін, әдет ғұрп, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтарбойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін- өзі басқарту арқылы қалыптастыру.
Міндеті: - Қазақстан Республикасындағы « Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы мен Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжарамдамасына» сай жас жеткіншектерді Қазақстандық елжандылыққа тәрбиелеу.
- өзін- өзі басқару ұйымының бағдарламасы негізінде , сапалы білім саналы тәрбиенің жан- жақты артуына оқушы, жастар ұйымының белсенділігі арттыру;
- жастар бірлестігінің бағыттарына байланысты ұйым белсенділерінің құқын, міндетін, жауапкершілігін арттыру.
Өзін –өзі басқару жұмысында табатын құндылықтар:
- Адами ар –ожданы, иманжүзді азамат қалыптасу
- Отбасындағы жауапкершілік
- Отан, туған өлкеге құрмет
- Денсаулық, салауатты өмір
- Еңбек, экономика
- Білім , ғылым, өнер
- Мәдени мұра, құқық, тарих, шежіре
- Тіл шеберлігі, рухани байлық
- Достық, жолдастық, қатынас
Өзін- өзі басқару ұйымының өткізген жұмыс жоспары бойынша "Менің ұстазым" тақырыбында жас блогер ,ұстаздардан және оқушылардан сұхбат алды.
