"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Еркіншілік ауылының ЖОББМ" КММ-нің білім беру жүйесі бойынша 2023 жылды қорытындылау есебі

26.12.2023
«Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2023-2024 оқу жылында  сынып жиынтығы – 35 сынып, оның ішінде: бастауыш мектепте - 14, орта мектепте - 16, жоғары мектепте - 5. Мектептегі балалар контингенті 629 оқушыны құрайды: 1-4 сыныптар - 268, 5-9 сыныптар-361, 10-11 сыныптар-70 оқушы.  Мектепалды даярлық топтарының саны-3, оларда 35 тәрбиеленуші тәрбие алады. Қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда-536 білім алушы, орыс тілінде 93 оқушы білім алады. 2023-2024 оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша үздіктер саны -57, екпінділер саны-227. Білім сапасы- 49,4%.
       2022-2023 оқу жылында 11-сыныптың 2 түлегі Нұрбек Лашын мен Сауренбек Мөлдір «Алтын белгі» аттестатын алды. Қанатқызы Назерке мен Тимурқызы Еркежан мектепті Үздік аттестатпен  бітірді. Биылғы оқу жылында «Алтын белгі» төсбелгіге үміткерлердің алдын ала деректері бойынша – 2 оқушы  (Нұрбек Жандос, Ербол Нұралы)
2023-2024 оқу жылында біздің оқушылар келесі марапаттарға қол жеткізді:
          9-11 сынып оқушылар  арасында аудандық пән олимпиадасы:
1)Муратхан Жанерке- география  1 орын 
2)Нұрбек Жандос-география 3 орын 
 3)Нагаев Виталий- биология  3 орын 
4)Далелхан Аллаберген- тарих  3 орын 
5)Гиминқызы Жанерке- қазақ тілі 3 орын 
6)Меке Ақжол- ағылшын тілі 3 орын 
«Алтын түлек» олимпиаданың  қорытындысы бойынша 10 сынып оқушылары Байтан Әсел -1 орын, Уажив Нұрай - 2 орын иеленді.(облыстық кезеңіне жолдама алды). 11 сынып оқушысы Нұрбек Жандос-грамота. 
"Абай оқулары" байқауынан 5"Б" сынып оқушысы Бақытбекқызы Жанайым - 2орын, 10 сынып оқушысы  Гімің Жанерке -қатысқаны үшін громатамен марапатталды.
Құсайын Ақеділ география пәні бойынша олимпиадаға қатысып, бірінші орынға ие болды. Облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында «Жыр алыбы-Жамбыл» атты Республикалық жас ақындар айтысында Ақмола облысының намысын қорғап келген Серікболатұлы Сәттібек жүлделі 2 орын алды.
Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңінде 9 сынып оқушылары арасында 3  орын Елтай Кәусар, жетекшісі. 10 сынып Гімің Жанерке 3 орынға ие болды.
3-4 сынып оқушыларының арасында «Алтын сақа» олимпиаданың аудандық кезеңінде:Сауренбек Жанарыс-2 орын; Искакова Сабина, Бақытбекқызы Жібек-грамоталармен марапатталды.
5-6 сынып оқушыларының арасында «Алтын сақа» олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша: Имансеитов Альназар-1 орын, Бақытбек Аяла-1 орын, Серигқызы Перизат-3 орын, Толеутай Інкар-грамота.
«Менің бизнес-идеяларым» тақырыбында бизнес-конференцияның жүлдегерлері:
- Ерболұлы Айсұлтан-1орын
- Мурат Балжан, Бейбитхан Жансая-1 орын
- Мадениет Назым-1 орын
- Халиханова Адия, Шахманова Алтынай-2 орын
- Лайрих Мария-1 орын
«Айқанат» олимпиадасының аудандық турының қорытындысы бойынша келесі 8 сынып  оқушылары облыстық кезеңіне өтті: Искакова Зарина, Айдос Алмас, Даулет Айдын, Құсайын Ақеділ, Тырнахан Айым.
Аудандық пікір сайыс турнирінде мектептің «Алаш» командасы- Жардембек Сара мен Мұрат Балжан 2 орынға ие болды.
Математика пәні мұғалімі Молхы Ақмарал ҮЗДІК ПЕДАГОГ онлайн республикалық байқауына қатысып, ҮЗДІК ПЕДАГОГ төсбелгісімен марапатталды.
2023-2024 оқу жылында тегін тамақпен 343 оқушы қамтылды, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары – 267 оқушы, 5-11 сынып оқушылары- 76 білім алушы.
Просмотров: 1832


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст