*БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ!*
12.10.2026
✨ 2026 жылғы 12 қазан күні мектебімізде бастауыш сыныптар апталығы өз бастауын алды!
🌈 *«Білімнің бастауы – бастауышта!»* атты апталықтың мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділіктерін шыңдау және ұстаздар мен оқушылардың бірлескен шығармашылық жұмысына жол ашу.
🎉 Апталықтың ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл күйде өтіп, оқушыларға ерекше шабыт пен қуаныш сыйлады. Алдағы күндері балаларды қызықты сабақтар, танымдық сайыстар, шығармашылық тапсырмалар мен түрлі іс-шаралар күтуде.
💐 *Білімге бастар алғашқы баспалдақ – бастауыш мектеп!* Әрбір шәкірттің талпынысы табысқа, ізденісі жетістікке ұлассын!
📖 Апталығымыз сәтті өтсін!
🌟 Шәкірттеріміздің жұлдызы жарқырап, ұстаздарымыздың еңбегі жемісті болсын!