Теміржолдағы қауіпсіздік – басты назарда!
18.09.2026
Бүгін «Еркіншілік ауылының ЖОББМ» КММ-де Ерейментау ст. Көліктегі полиция бөлімшесінің полицейлері 8- сынып оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға теміржол нысандарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, сақтық шаралары туралы маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, оқушыларға қауіпсіздік тақырыбында профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.
🎯 Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың теміржол аумағындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
Қауіпсіздік ережесін сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз!
Просмотров: 7432