"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

25.10.2025

Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі.

1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануымен Қазақстанның егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.

2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.

2009 жылы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Заңға қол қойылды, оған сәйкес елде Республика күнін мерекелеу тоқтатылды, ал 25 қазан жұмыс күні болды.

2022 жылдың 16 шілдесінде өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.

Просмотров: 1132


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст